jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қостанайда күдікті полиция ғимаратында өзін пышақтап тастады

    : UGC

    Қостанайда қарақшылық тонау жасады деген күдікпен ұсталған күдіктілердің бірі полиция басқармасында өз өмірімен қош айтыспақ болған деп хабарлайды

    NUR.KZ

    .

    gorobzor.ru
    Көрнекі фото:gorobzor.ru: UGC

    Екі ер адам жергілікті тұрғынның үйіне қарақшылық шабуыл жасаған. Олар бөгде адамдардың үйіне баса көктеп кіріп, үй қожайынына қоқан-лоққы көрсетіп, ноутбугын ұрлап кеткен.

    Жапа шеккен ер адам бірден полицияға шағымданып, көп ұзамай күдіктілер тұтқындалған.

    Полиция ғимаратында қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілердің бірі өзіне қол жұмсамақ болған. Ол кеңсе пышағын алып, өзін кескілей бастаған.

    Абырой болғанда күдіктінің ойлағанынан ештеңе шықпай, ол аман қалған. Себебі полиция қызметкерлері оны дер кезінде тоқтатып үлгерген. Оған сол жерде медициналық көмек көрсетілді.

    Күдіктінің өзіне қол жұмсамақ болуының себебі - қарақшылық шабуыл үшін жауапкершіліктен құтылу екен.

    Қазіргі кезде екі күдікті де тұтқындалған. Олар тергеу изоляторында отыр.

    Қостанайда күдікті полиция ғимаратында өзін пышақтап тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.