Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда күйеуі атып жіберген әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды

Опубликовано:

Жезқазғанда күйеуі басына аңшылық мылтықтан оқ атқан әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

province.ru
Көрнекі фото:province.ru: Facebook
"Науқасты құтқару мүмкін болмады. Бұл өте ауыр, өмірмен үйлеспейтін жарақат болды.", - деп хабарлады аурухана өкілдері.

Қайтыс болған Гүлназ 27 жаста еді. Оның артында екі кішкентай бала жетім қалды.

Ал шүріппені басқан азамат тұтқынға алынған.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам тергеу изоляторына отырғызылды.

Еске сала кетейік, Жезқазған қаласында отбасылық кикілжің барысында ер адам ашуға бой алдырып, аңшылық мылтықтан оқ атқан. Ауруханаға жеткізілген сәтте әйел адам әлі тірі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1767390-zezkazganda-kjeui-atyp-zibergen-jel-zansaktau-bliminde-kz-zmdy/

pixel