Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстандық азамат Мәскеуде 79 жастағы кейуанаға сексуалды қорлық көрсеткен

Опубликовано:

Өзбекстан азаматы Мәскеудің шығыс бөлігінде 79 жастағы зейнеткерге сексуалды қорлық көрсетіп, тонап кеткен. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

10 желтоқсан күні белгісіз азамат Ясенка ауылының 79 жастағы тұрғынының бетіне газ шашқан. Артынша ол кейуананы үйге кіргізіп, аяқ-қолын байлап тастапты.

Осылайша күдікті зейнеткерге сексуалды қорлық көрсетіп, үстел үстінен 100 мың рубль ұрлап кеткен екен. Бұл қылмысқа барған қарақшы Өзбекстаннан келген 26 жастағы азамат болып шыққан.

Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1768319-zbekstandyk-azamat-mskeude-79-zastagy-kejuanaga-seksualdy-korlyk-krsetken/