Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мейрамхана қонақтары арасындағы төбелес атыспен аяқталды

Опубликовано:

Шымкенттегі кафелердің бірінде келуші екі компания арасында ерегіс туындап, жанжал керіс кезінде тараптардың бірі атыс қаруынан оқ атқан. Нәтижесінде атыс қаруынан бір адам жарақат алды деп жазады NUR.KZ.

Фото: ria.ru
Фото: ria.ru: Getty Images

34 жастағы науқас қалалық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Қоғамдық тамақтану орнында қырқысып қалған қос тараптың төбелесі кезінде тағы да екі жігіт жарақат алған.

Екеуіне дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылған. Жарақат алған үшеу де бір компанияның жігіттері, аралас құралас достар болып шықты. Ал оқ атқан адам оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен көрінеді.

Қазір аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1768524-symkentte-mejramhana-konaktary-arasyndagy-tbeles-atyspen-aaktaldy/

pixel