Алматыда "ауру ұлы үшін" ұрлыққа барған жас жігіт қолға түсті (фото)
Жарияланған күні:
Алматы қаласының тәртіп сақшылары iPhone телефонын қолды қылған ұрлықшыны ұстады. Оқиға барысында қызық жағдай орын алған. Қылмыскер телефон иесіне хабарласып, өзінің қайда тұрғанын айтыпты деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Полицияның айтуынша, жәбірленуші қыз Байсейітова көшесімен кетіп бара жатқан. Абай мен Сатпаев көшелері арасында жанына жас жігіт келіп, жеткізіп тастауды ұсыныпты.
Жігіт жергілікті тұрғынға ұқсамағандықтан, қыз оған келісімін бермеген. Содан соң тезірек кетуді ойластырыпты.
Бойжеткеннің айтуынша, мазаны алған азамат қалып қалды деп ойлаған.
Кішкене уақыттан соң жігіт күтпеген жерден қызды жұлқылап, жерге итеріп жіберіпті. Содан кейін телефонды алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Қорқып қалған қыз үйіне қарай жүгіріп, барлық жағдайды жақындарына түсіндіреді. Кейін орын алған оқиға жөнінде 102-ге хабарласқан.
Одан соң полиция қызметкерлері жәбірленушімен бірге ұрлықшыны іздестіруді бастайды.
Сол арада ұрланған телефонға хабарласу идеясы келген. Қызығы сол,жас жігіт телефонды көтеріпті.
Ол жасаған ісіне өкінетінін, телефонды қайтарғысы келетінін, оны аялдамада қалдыратынын айтады.
Сонымен қатар, өзінің қайда тұрғанын да айтып берген.
Ол жерге жедел түрде Боран 149 экипажаның қызметкерлері аттанады.
Тәртіп сақшыларын байқаған жігіт қашуға оқталған. Бірақ сол мезетте құқық қорғау қызметкерлері ұрлықшыны құрықтайды.
Тергеу барысында қылмыскердің Өзбекстан азаматы екендігі анықталды.
Ол өзінің ұлы ауырып жатқандықтан, осындай қылмысқа барғанын айтыпты. Сонымен қатар жігіт бұл ісіне өкінетіндігін жазған.
Тексеру жалғасуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1771428-almatyda-auru-ly-sin-rlykka-bargan-zas-zigit-kolga-tsti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.