Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медеуде туған күн тойламақ болған балалар көлігі жолда аударылып қалды (фото)

Опубликовано:

Алматыда ішінде жеті бүлдіршін отырған Mitsubishi Delica көлігі Mercedes автокөлігімен соқтығысып, аударылып қалды. Оқиға салдарынан үш балақай ауруханаға түсті деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Depositphotos

Жол-көлік оқиғасы ҮАК бойында Жансүгіров көшесімен қиылысқан тұста орын алған. Батыс бағытта кетіп бара жатқан минивэн бұрылғысы келіп, "бұрылыс көрсеткішін" жаққан.

Алайда оның артқы жағынан Mercedes келіп соғыпты. Нәтижесінде Delica бір шетке қарай аударылып қалған.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Depositphotos
Жапон көлігінің ішінде жолаушылардың бірінің туған күнін тойлау үшін Медеуге кетіп бара жатқан балалар болыпты.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Depositphotos

Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жеткен. Боран 30 экипажы тез арада балаларды көліктен шығарып алыпты.

Оларды дәрігерлер қарап, үш баланы ауруханаға жіберген.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Depositphotos

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Depositphotos

Mercedes жүргізушісінің айтуынша, минивэн жүргізушісі бұрылыс көрсеткшін жақпай, бірден тоқтай бастаған.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1771680-medeude-tugan-kn-tojlamak-bolgan-balalar-kligi-zolda-audarylyp-kaldy-foto/

pixel