Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда туыстарымен ұрысып кеткен музыкант шатырдан секіріп өлді

Опубликовано:

Алматыда бір айдан астам уақыт іздестірілген жас музыкант Платон Киордың қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы "Қоғам қауіпсіздігі кеңесі" тобының мүшесі Ислам Угушев Facebook парақшасында мәлімдеген деп жазады NUR.KZ.

Платон Киор. Жігіттің туыстары берген сурет
Фото: Платон Киор. Жігіттің туыстары берген сурет: Twitter

19 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқаны желіге 13-ші қаңтар күні таратыла бастады.

Оның жоғалып кеткені туралы Наталья Слудская жариялаған.

Сол күні кешке «Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі» тобының жетекшісі Ислам Угушев жігіттің қайтыс болғаны туралы хабарлады.

«Платон табылды… Өкінішке орай, ол қаза болған. Қала тұрғыны Киор Платонның іздестіріліп жатқаны туралы хабарламаны көріп, оны танып, анасына Платонның көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кеткенін хабарлап. Қайтыс болған жігіттің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – деп жазыпты Ислам Игушев хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматыда туыстарымен ұрысып қалған музыканттың табылмай жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773011-almatyda-tuystarymen-rysyp-ketken-muzykant-satyrdan-sekirip-ldi/

pixel