Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаркентте балабақшадан өрт шықты

Опубликовано:

Алматы обылысында орналасқан Жаркент қаласындағы балабақшадан өрт шықты. Оқиға салдарынан 59 бала эвакуацияланған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді деп жазады newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті
Фото: ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті: Twitter

Балабақшадан өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 16 қаңтар күні сағат 17:08-де келіп түскен.

"Жалын 40 шаршы метр ауданды қамтыды. Өртті ауыздықтау 17:35-те басталса, 17:55-те ол толығымен тоқтатылған. Өртсөндірушілер көмегімен оқиға салдарынан 79 адам эвакуацияланған. Олардың ішінде 59-сы балалар болды. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті тоқтатуға жеті өрт сөндіру қызметкері мен екі арнайы техника жұмылдырылған" , - деп хабарланды хаттамада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1773599-zarkentte-balabaksadan-rt-sykty/

pixel