"Көліктің қаңқасы қалған": БҚО-да жол апатынан екі әйел қаза тапты
Опубликовано:
19 қаңтар күні кешкі уақытта Орал-Атырау тас жолында, қалаға қарасты Круглоозерный мен Серебряков кенттерінің аралығында жол апаты болып, екі адам көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының айтуынша, жедел жәрдем сағат 20.05-те шақырылып, оқиға орнында үш бригада жұмыс жасаған.
Жеңіл көліктің тек қаңқасы қалған жантүршігерлік апаттан жасы 35-40 және 40-45 жас шамасындағы екі әйел адам қаза тапқан.
"Сонымен бірге, 1973 жылғы ер адам жансақтау бөліміне, 1996 жылғы ер адам хирургия бөліміне жатқызылды. 2001 жылғы жігіт амбулаториялық ем алуға жіберілді", - деді баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1774122-klikti-kakasy-kalgan-bko-da-zol-apatynan-eki-jel-kaza-tapty/