Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қожайыны қарап тұрған: Қостанайда екі алабай ит күшікті талап өлтірді (видео)

Опубликовано:

Қостанайдың орталығында екі алабай күшікті талап өлтірді деп хабарлайды Alau.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Оқиғаны күшіктің иесі Instagram желісінде жариялады.

"Екі жігіт үлкен алабайларымен өтіп бара жатқан. Иттер тұмылдырықсыз болды. Біздің күшігіміз үлкен алабайларды көріп, қаша жөнелді. Иттер оның соңынан қуып жетіп, талай бастады. Жігіттер болса, екі алабайды ажыратудың орнына, таланып жатқан күшікті қарап тұрды.

Күшікті талап болған соң, иттерін алып кете барды. Бұл қалай? Ертең иттер кішкентай балаларға тұра ұмтылса қайтеді? Ажыратады ма?

Менің ұлым күшігінің өліп қалғанын әлі білмейді. Бірақ қансырап жатқанын көрді. Енді балама қалай айтамын, оны да білмеймін?!.

"Қолдау білдіріп жатқандарыңызға алғысымды айтамын! Бұл алабайлардың қожайындары жазаланады деп үміттенемін. Итті сатып алуды білгенімен, тәрбиелеуді білмейді", - деді күшіктің иесі.

Сондай-ақ, әйел полицияға арыз жазғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1774432-kozajyny-karap-trgan-kostanajda-eki-alabaj-it-ksikti-talap-ltirdi-video/

pixel