Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған анасын аямады: Ақтаулық ерлі-зайыпты қарт әжейді айуандықпен өлтірген

Опубликовано:

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар қарт аналарын басынан ұрып, азаптап өлтірген деп хабарлайды Tumba-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Tumba.kz
Фото: Tumba.kz: Facebook

Жұбайлар зейнеткерді өз пәтерінде ұрып-соғып, кейін төсегіне апарып жатқызып қойыпты.

Кейінірек келіні енесінің бас жағында тұрып дұға оқыған. Ал ер адам анасын бар салмағын салып тізесімен басып тұрыпты.

Соған қарағанда ерлі-зайыптылар теріс ағымды ұстанған болуы ықтимал.

"Соққы салдарынан зейнеткер ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған", – деді судья Гүлнар Байтұрова.

Cот күдіктілер жедел жәрдемді уақытында шақырса, қарт әжейдің тірі қалатынын айтты.

Күдікті ер мен әйел қылмыстық әрекеттерінен соң өздері тұратын пәтерлеріне кетіп қалған.

Сот жұбайларды зейнеткердің өліміне кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1774517-tugan-anasyn-aamady-aktaulyk-erli-zajypty-kart-zejdi-ajuandykpen-ltirgen/

pixel