Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлың екеуіңді зорлап өлтіреді": Абайда зорланған баланың анасы сұмдық жайтты ашып айтты

Опубликовано:

Түркістан облысы, Абай ауылында зорланған 7 жасар баланың анасы осы уақытқа дейін көрген қорлығын жайып салды. 31 жастағы әйел Esquire.kz сайтының тілшісі Гүлнара Бажкеноваға жан сырын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:www.1news.az
Фото:www.1news.az: Instagram

Баланың анасы Алматыдағы мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істейді.

Есімін атағысы келмеген әйелдің айтуынша, ол әлі күнге істің аяқталғанын сезбеген.

Келіншек кінәлі жеткіншектердің бәрі толық жазаланбағанын, сотталмаған балалардың тіпті арнайы тізімге де алынбағанын ашына айтты.

Қазіргі уақытта жеті жасар баланың анасы адвокатымен бірге кәмелетке толмаған балаларға шара қолдану жөнінде прокуратураға арыз түсірмек ниетте.

Әйелдің айтуынша, жеткіншектер әкесі мен шешесінің жанында жоқ екенін біліп, қорғансыз баланы мазақ қылған.

31 жастағы келіншек бүгінде Абай ауылына барғанымен, көршілерімен араласпайды екен. Ол бос уақытының бәрін баласымен өткізуге тырысады.

Айыпталушы ретінде танылған екі ағайынды жеткіншектің отбасымен келіншек бұрындары бірнеше рет көрісіп, тек амандықтары түзу болған.

Ал зорлау оқиғасынан кейін олармен сөйлеспеген. Жеті жасар жеткіншектің анасы осы уақытқа дейін өзінен ешкімнің кешірім сұрап келмегенін де жайып салды.

Сонымен қатар әйел үкім жарияланған кезде журналистерді сот залында күтпегенін жеткізді. Бірақ ол тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, бұл шешіммен келісетінін айтқан. Ал сол сәтте кінәлі деп табылған жеткіншектің анасы шу шығарып, оның ағасы "Ол бостандыққа шыққан бойда сені де, ұлыңды да зорлап өлтіреді. Жеті жыл деген өте шығады әлі", - деп қоқан-лоққы жасаған.

Сот шешімі шыққаннан кейін келіншектің үйінің терезі мен есіктерін белгісіз біреулер сындырып кеткен. Ал келіншек бұл істі жеткіншектердің ата-анасы істегеніне сенімді.

Зорланған баланың анасы жеті жылға сотталған жеткіншектің отбасы жайлы да айта кетті. Ол сотталған баланың ата-анасы жұмыссыз болғанын, әкесінің кезінде маскүнемдікпен тізімде тұрғанын да жайып салды. Сондай-ақ сотталған баланың әкесі бұрын істі болып, есірткі де қолданған екен.

Соңында сотталушы жеткіншектің әкесі ішімдікті асыра сілтеп, артық дозадан қайтыс болған. Ал оның анасы қазіргі уақытта ұлдарының кінәлі емес екенін айтуда.

Келіншектің айтуынша, өзге жеткіншектердің бірінің анасы да ішімдік ішеді. Бірақ, балалардың кінәсі дәлелденсе де, ауыл тұрғындарын біреулер зардап шеккен баланың отбасына қарсы қойған.

Елді дүрліктірген оқиғаның болғанына қарамастан, мектептің бұрынғы директоры қызметтен шеттетілмеген. Ол бүгінде мұғалім болып қызмет етуде. Мектеп директоры соңғы сәтке дейін баланың қорлықты мектепте емес, отбасында көргенін дәлелдемек болған. Алайда жеті жасар баланың анасы бұл істі жоққа шығарды.

Әйелдің айтуынша, баласының басында мұндай оқиға болмаған. Ауылда барлығы жұмысбасты болғандықтан, отбасында ұрыс-керіс болмаған. Баланы осы уақытқа дейін қараған әжесі - ет комбинатында еден жуушы болып жұмыс істейді. Ағасы Атырауда жұмыс істеген. Алайда оқиғадан кейін анасы үшін қорқып, ауылына қайта оралыпты.

Баланың әжесі Абай ауылындағы үй сатылмағандықтан, көше алмай отыр екен. Ал үй сатылмай тұрып, қария ауылдан кетсе, қараусыз қалған шақырақты біреулердің қиратып кететініне сенімді.

Әйелдің болжамынша, зорлық жағдайы баласында барлық заттың болғаны үшін орын алған. Келіншек баласының бар жағдайын жасау мақсатында телефонға дейін сатып алып берген. Ал ауылдың басқа балаларында бұл заттар (қымбат ойыншықтар мен шайтан арба, ұялы телефон) болмапты. Ауыл балалары ұлының велосипедін көшеде тартып та алған. Сондықтан келіншек баласына біраз уақыт көшеде шайтан арба айдауға рұқсат бермей қойған екен.

Келіншек Алматыдағы жұмысының ауырлығынан баласының басынан өткен жағдайды ертерек аңғармағанын да айтты. Ол ақша жинап, баласын қалаға көшіріп алып кеткісі де келген.

Келіншектің анасы (баланың әжесі) болған оқиғаны қызына айтуға қорқып, мәселені өздігінше шешпек болған.

Ал келіншек ауылға айына бір-екі рет қана келіп кетіп отырған. Жазда баласын бір айға Алматыға алып кетіп, қыдыртқан. Ұлын Алматыға біржола алып кетуге жағдайының тұрақсыздығы кедергі келтіріпті.

Келіншек өзінің 18 жасында тұрмысқа шығып, некесін мұсылманша жолмен қидырғанын айтты. Ал 23 жасында ұлы дүниеге келіп, күйеуімен ажырасқан. Қазіргі жағдай жайында ұлының әкесі білмейтінін, балаға алимент алмайтынын да мәлім етті.

Әйел ұлы бір жасқа толғанда баласын анасына қалдырып, Алматыға жұмыс істеуге кеткен. Баланың бір жасқа дейін төленетін жәрдемақысы тоқтағандықтан, ол жұмыс істеуге мәжбүр болған.

"Менің өзім әр жазымды әжемнің қолында өткізетінмін. Анам өзге қалада тұратын. Менің әкем жоқ. Анам бес баланы жалғыз өсірген. Анамыз жиі ауыратындықтан, жас күнімнен жұмысқа ерте араластым.
Бауырларымды киіндіру мен олардың мектепке баруы үшін ақша табуға тырысатынмын. Нәтижесінде қазір жоғары білімсіз қалдым. Сол кезде тапқан ақшамызды жинап, осы Абайдан үй сатып алғанбыз", - дейді келіншек.

Қазіргі уақытта келіншек баласына көп көңіл бөлуге тырысады. "Аналар үйінде" тұратын әйел баласының өткенін ұмытқысы келетінін, бірақ қазір барлық әрекеттің нәтижесіз аяқталып жатқанын айтты. Бала аяқ астынан ашуға бой алдырып, жүйкесі тозғандықтан, үстіне псориаз шығып кеткен.

Тіпті қазір балақайдың сабағы да нашарлап кеткен. Ол оқыс оқиғаға дейін мектепте үздік оқушы болған екен. Ал оқиға болғаннан кейін бала мектеп табалдырығын аттауға, дәретханаға баруға (ред: зорлық сол жерде болған) қорқып қалған.

Балақай ағылшын тілін оқып, болашақта банк ісін меңгергісі келеді. Алайда ол әлі күнге қара адамдардың суретін салуды доғармаған.

Сондай-ақ әйел баласын алып, өзіне қайтармай қойған Зағипа Балиеваға ренжулі екенін де жасырмады.

"Біз "Асылбала" мекемесінің ішіне кіргенімізге, ол кісі маған "Балаға тыныштық керек. Сіз эмоцияға беріліп тұрсыз. Дәл қазір балаңызбен көрісуге рұқсат бермеймін. Сабыр сақтаңыз" деді. Ал мен "Мен сабыр сақтай алмаймын. Баламды өзіңізге қайтарыңыз" деп айттым.
Іште күзетшілер болғандықтан, баламды маған шығармады. Ал анам ескі түсініктегі адам болғандықтан, жылы сөйлеген адамның бәріне сеніп қалады. Ол кісі Зағипа Балиеваның ісі дұрыс, менікі дұрыс емес екеніне сенді. Анам маған "Ол кісіге сенейік. Ол бізге көмектеседі" дейді. Алайда ол менің баламды қамап отырса, қалай көмек бермек", - дейді баланың анасы.

Әйел моральдық шығын талап етпейтінін де ашып айтты. Келіншек қазіргі уақытта тек кінәлілердің толық жазасын алып, әділдіктің орнауын қалайды. Ал ақша жайлы естігісі де келмейді.

Айта кетейік, мақаланың толық нұсқасын Esquire.kz>> сайтынан оқи аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылына қарасты мектептің жоғары сынып оқушылары бірінші сынып оқушысын бірнеше рет зорлаған.

БАҚ беттерінде тараған шудан соң іс қозғалып, кінәлі жеткіншектердің бірі жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал іске қатысы бар қалған жеткіншектер жас мөлшеріне байланысты, жауапкершіліктен құтылып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1774866-ly-ekeuidi-zorlap-ltiredi-abajda-zorlangan-balany-anasy-smdyk-zajtty-asyp-ajtty/

pixel