Құлжа тас жолында жүргізуші қарт адамды қағып өлтірді

Опубликовано:

Құлжа тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Көлік жүргізушісі жолды кесіп өтуге болмайтын жерден жүгіріп шыққан қарияны қағып өлтірген деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik
Фото: Sputnik: Instagram

Қайғылы жағдай Гүлдала елді мекені маңында орын алған.

Анықталғандай, ер адамды Audi 100 маркалы автокөлік қағып кеткен. Азамат алған аса ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның анық-қанығын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1775266-klza-tas-zolynda-zrgizusi-kart-adamdy-kagyp-ltirdi/