Бес баланың өлімі: Астаналық жанұяға үйдің қауіпті екені ескертілген
Жарияланған күні:
Астана әкімдігінде бес баланың өліміне себепкер болған өртке қатысты шұғыл кеңес өтті. Анықталғандай, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жапа шеккен жанұяға үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғанын ескерткен деп хабарлайды NUR.KZ.
"Көктал-1 тұрғын алабында өртте және басқа да төтенше жағдайларды болдырмау жөнінде профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Дәл сол үйге де Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тиісті ескерту жасап, оларды жою жөнінде нұсқау да берді", -деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев.
Алдын ала ескерту екі рет жасалса да, елордалықтар мәселені шеше қоймапты.
Астанада Кемеровода болған қайғылы оқиғадан кейін қосымша рейдтер өткізілген. Ал Астанадағы бес баланың өлімінен кейін рейдтер қайта жүргізілетін болады.
Қазір көз жұмған бүлдіршіндердің ата-анасымен психологтар жұмыс істеуде. Марқұм балалардың анасы пластикалық карта өндіретін зауытта жұмыс істесе, әкесі көлік жөндеу орталығында монтаждаушы болып еңбек еткен.
Айта кетейік, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен бес бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.
Қала әкімі сол түні болған жағдайдың мән-жайын анықтап, тексеру жүргізуді тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1776688-bes-balany-limi-astanalyk-zanaga-jdi-kauipti-ekeni-eskertilgen/