Түркістан облысында бір жанұяның төрт адамы газға уланып, ажал құшты
Опубликовано:
Түркістан облысы Келес ауданында жеке тұрғын үйде төрт адам газға уланып қайтыс болды деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Түркістан облысында бір жанұяның төрт адамы газға уланып, ажал құшты Түркістан облысында бір жанұяның төрт адамы газға уланып, ажал құшты](https://cdn.nur.kz/images/1120/5e0261ed3220caa2.jpeg)
Оқиға бүгін, сегізінші ақпан күні болған.
Келес ауданының Бесқұбыр елді мекенінде табиғи газбен істейтін пеш ақауының салдарынан төрт адамнан тұратын отбасы ажал құшты.
Ерлі-зайыптылар 1986 және 1993 жылғы, ал балалары 2015 және 2016 жылы туылған.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында иіс газынан бір жанұяның төрт адамы қайтыс болған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1777675-trkistan-oblysynda-bir-zanany-trt-adamy-gazga-ulanyp-azal-ksty/