jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Есікті бұзып кірді": Қайын атасы зорламақ болған келіншек мұңын шақты

    : Facebook

    Тағдырдың жазуымен әке-шешесінен айырылған бойжеткен жалғыз бауыры - ағасының үйін пана тұтып жүрген. Уақыт өте келе жеңгесі аяғы протез болған арудан шаршап, бірінші айттырған жанға ұзатып жіберіпті. Содан бері мүгедек келіншек өлместің күйін кешіп келген деп жазады "Алаш айнасы".

    Көрнекі фото: ukrainianwall.com
    Көрнекі фото: ukrainianwall.com: Facebook

    Өміріне налыған келіншек бес жыл бойы жарымжан жанмен, оның жақындарымен бірге тұрып жатқанын айтады. Оның жұбайының құлағы естігенмен, сөйлей алмайды екен.

    "Мен оның үшінші әйелі екенмін. Бірінші әйелінен бір қыз, екінші әйелінен бір ұл кеткен. Мұны мен жақында білдім. Екі балапан да мүгедек. Біреуі сал, екіншісі мәңгүрт, аяқ-қолы да істемейді. Екі қабат кезінде аналарын өлгенше сабаған екен. Оларға жаным ашиды", - дейді мұңын шаққан әйел.

    Мүгедек ару қазір бұл күн өзіме де туды дейді. Ол кейде тіпті таңнан кешке дейін үй тірлігін істеп, түнде аяғындағы протезін де шешуге шамасы келмей қалады екен.

    Оған қоса, жанұя мүшелерінің барлығы бала көтере алмайтын болған соң әйелді қамшы астына алатын көрінеді.

    "Міне, бүгін протез киген аяғымды кір жаятын сыммен ұрып, енді кие алмай отырмын. Кетейін десем, қайда барамын?  Екі күн бұрын атам моншаның есігін бұзып кіріп, зорламақшы болды. Енеме айтсам, "сен өзің жабысқансың" деп отыр", -дейді ол.

    Келіншек бұл азаптан қатты шаршағанын, кейде о дүниеге аттанғысы келетінін айтқан.

    "Есікті бұзып кірді": Қайын атасы зорламақ болған келіншек мұңын шақты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.