Қызылорда облысында әскери тікұшақ құлады: Қаза болғандар бар
Жарияланған күні:
27 наурыз күні сағат 17:35-те "112" пультіне Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырағаны жайлы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомство атап өткендей тікұшақ білгісіз жағдайда құлап, толығымен жанып кеткен.
"Аталмыш әуе кемесі ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр", - деп атап өтті ТЖК.
Тікұшақтың құлағаны жайлы ақпаратты Қорғаныс министрлігі растап, оқиғаның мән -жайын толығырақ баяндады.
Министрліктің мәліметінше, 27 наурызда ҚР ҚК ӘКҚ Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшыраған. Бортта 13 адам болған.
Алдын-ала мәлімет бойынша, оқиға орнында қаза болғандар бар. Қазір зардап шеккендердің жағдайы анықталу үстінде.
Аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан құралған бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке бағыт алған.
"Ұшу кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында қараңғы уақытта әрі метеорологиялық күрделі жағдайда өткізілген. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйырығымен арнайы құрылған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы оқиға орнына жіберілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда төрт тікұшақтың екеуі қонған. Олар Қызылорда қаласында. Ал біреуі оқиға орнына қайта оралған.
Қорғаныс министрлігі мен ІІМ бірлесіп, апаттың себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785529-kyzylorda-oblysynda-skeri-tiksak-klady-kaza-bolgandar-bar/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.