Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан сержант соңғы рет үйіне видео жолдаған

Опубликовано:

Күні кеше Қызылорда облысында апатқа ұшыраған тікұшақ ішінде 13 экипаж мүшесі қаза тапты. Солардың бірі - кіші сержант 37 жастағы Асхат Абдулманат. Марқұмның артында 15 жыл отасқан жұбайы мен кәмелетке толмаған төрт баласы қалған деп хабарлайды "Жас алаш" басылымы.

Марқұмның жақындары. Фото: "Жас алаш" басылымы
Марқұмның жақындары. Фото: "Жас алаш" басылымы: Instagram

Қаза тапқан азаматтың ең үлкен баласы 8-сыныпта оқыса, кенжесі енді ғана төрт жасқа толған.

Марқұмның жақындарының айтуынша, Асхат Абдулманат ұзақ жылдар бойы Талдықорғандағы әуе базасында келісім шарт негізінде жұмыс істеген.

Тек биылғы жылдың 1 қаңтарында Ақтауға қызметін ауыстырған.

"Міне ұшып келе жатырмыз" деп видеосын жіберген. Содан кейін хабарласпай қойды. Өзіміз хабарлассақ, алмайды. Кешкі сағат 11-де әскери адамдар келіп, хабарлап кетті.
Сенбеймін әлі, сенбеймін баламның өліп қалғанына. "Ақтауға ауыстырды" деп қаңтардың 1-інен бастап кеткен. Содан міне, екі-ақ айдың ішінде арманы мен мақсатына жете алмай кетті ғой, құлыным. Қайтем енді?!", - дейді қайғыдан қан жұтқан марқұмның анасы Сақыш Баймурзина.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында бортында 13 адам бар тікұшақтың апатқа ұшырғаны хабарланды.

Сондай-ақ, әуе кемесі ішінде болған азаматтардың аты-жөні анықталды.

Ал бүгін таңерте, Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, тікұшақта болған 13 адамның барлығы қаза тапқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1785712-kyzylorda-oblysynda-tiksak-apatynan-kaza-tapkan-serzant-sogy-ret-jine-video-zoldagan/

pixel