Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 13 жасар бала асылып қалды

Жарияланған күні:

Екінші сәуір күні Алматы облысындағы Талғарда қайғылы оқиға орын алды. 13 жасар жеткіншек өз-өзіне қол салып, асылып өлді. Баланың әкесі ұлының қазасына "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі қауіпті топты кінәләп отыр. Оған қоса, ол әрбір жасөспірімнің қауіпті жағдайда екенін ескертті деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: flowercenter.spb.ru
Көрнекі фото: flowercenter.spb.ru: UGC

Болеслав Крышталь өз-өзіне қол жұмсаған баласының өлімі барша ата-аналарға сабақ болуы керек екенін алға тартқан.

Марқұмның әкесі әлеуметтік желідегі топ жас жеткіншектердің санасына кіріп, оларды өлімге итермелейтінін жеткізді.

"Өзім бірнеше жылдан бері жүйе әкімшісі болып қызмет еткенмін. Осы салада жүріп, бұл жағдай менің отбасымда орын алады деп ойламаппын да. Мен барша ата-аналарға үндеу жасағым келеді. Балаларыңыздың қандай сайттарға кіріп, қандай әлеуметтік желілерді қолданатынын тексеріңіздер" , - деді Болеслав Крышталь.

Қайғыдан қан жұтқан әкенің сөзінше, 13 жасар ұлының өліміне "ВКонтакте" желісіндегі пабликтер себеп болған. Оған дәлел ретінде азамат сол қауіпті топтардағы жазбаларды келтірді.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: Facebook

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: Facebook
"Суицидке итермелейтін пабликтер жетерлік. Қайғылы жағдайға дейін ұлым бір қызбен сөйлесіп жүрген. Бір жарым ай бұрын олар айырылысып кетсе керек.

Сосын балам осындай сайттарға кіре бастаған. Ол жерде оған Катя есімді куратор тағайындалған. Ол жалған парақша болып шықты. Қазір өшірілген.

Парақшада кесілген қолдың суреттері болды. Ол жасөспірімдер арасында аса танымалдылыққа ие болып, трендке айналуда", - деді әкесі.

Ер адамның айтуынша, ұлы өзіне қол салғысы келетінін Катя мен құрбысына айтқан.

"Ол алдын ала дайындалған. Тіпті, арнайы орынды даярлап қойған. Алайда, бірінші рет оған киім ілуге шыққан анасы кедергі келтірген. Балам моншадан шыққан соң, анасы оны үйге кіргізген. Бірақ та, әйелім кеткен соң, ол жоспарлағанын іске асырды. Осылайша баламыздан айырылып қалдық. Қазіргі таңда, 105 бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әзірге нақты ештеңе анықталған жоқ" , - деді отағасы.

Болеслав Крышталь барша ата-аналарды сақ болуға шақырды. Ол балалардың интернетте неге қызығатынын тексеруге кеңес берді.

"Мектепте психологпен әңгімелесуден бөлек дұрыс жолын анықтау керек. Мен ата-аналарға перзенттерінің немен айналысатынын тексеріп, бақылап жүруге кеңес беремін. Тіпті, оған айтпай-ақ сырттай тексеруге мүмкіндік беретін қосымшалар да бар" , - деді марқұмның әкесі.

Алматы облысының полиция департаменті бұл оқиғаның болғанын растады.

"Талғарда расымен өз-өзіне қол салу оқиғасы орын алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оның барысында оқиғаның мән-жайы анықталмақ. Тергеу Талғар аудандық полициясында жүргізіліп жатыр" , - деді департаменттің баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1787822-almaty-oblysynda-13-zasar-bala-asylyp-kaldy/