Солтүстік Қазақстанда ерлі-зайыптылар иіс газынан уланып қалды
Опубликовано:
Солтүстік Қазақстан облысы Явленка ауылында тұратын ерлі-зайыптылар иіс газынан уланып қалды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

26 жастағы азамат пен оның 22 жастағы жұбайы жедел түрде орталық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетті.
Тексерістен кейін ер азамат үйіне жіберілсе, жағдайы орта деңгейде ауыр деп бағаланған жұбайы дәрігерлер бақылауында қалды.
Жұбайлардың улануының себебі уақытынан ерте жабылған пеш мұржасы болып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1787962-soltstik-kazakstanda-erli-zajyptylar-iis-gazynan-ulanyp-kaldy/