Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тәртіп бұзған қарақшылар екі полицейге пышақ сұғып алды

Опубликовано:

Алматыда күдіктілерді ұстау кезінде екі тәртіп сақшысы жарақат алды деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: yaizakon.com.ua
Көрнекі фото: yaizakon.com.ua: Facebook

Хабарламада 9 сәуірде бір ер азамат Наурызбай ауданының полиция бөліміне арызданғаны айтылған.

Ол Daewoo Nexia көлігін жалға алғанын, бірақ 2 күн бойы төлемді кешіктіргенін жеткізеді.

Қожайынға ақшаның кешіктірілгені ұнамаған. Ол қарызын еске түсіру үшін жәбірленушіге өзі келгенді дұрыс деп тауыпты.

Кәсіпкер жалға берілген көліктің орналасқан жерін бірнеше күнде анықтап, клиентті іздеп тауып алған.

Сөйлесуге барған ол жәбірленушіні қасындағы бірнеше адаммен бірге соққының астына алыпты.

Олар жалға алушының екі ұялы телефонын тартып алып, төлеуі тиіс 14 мың теңгенің орнына 40 мың теңге қаржы талап етіпті.

Ауыр соққыдан соң жәбірленуші полицияға хабарласқан.

Бұл арыз бойынша іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізіліпті.

Содан ер азамат құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге көлік қожайынымен кездесуге барған.

"Күдіктілерді ұстау барысында олар қарсылық көрсетіп, Наурызбай аудандық полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімінің жедел қызметкері, полиция аға лейтенанты А. Мұхиддиновтың иығына, ал полиция капитаны А. Қожаевтың кеуде қуысы мен санына пышақ жарақатын салған", - деді қалалық полция департаменті.

Екі полиция қызметкерін тез арада ауруханаға жеткізіп, оларға дәрігерлер ота жасаған.

Қазіргі уақытта жағдайлары тұрақты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қылмысқа қатысты екі күдікті құрықталды, қалған екеуін тәртіп сақшылары іздестіруде.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1788001-almatyda-trtip-bzgan-karaksylar-eki-policejge-pysak-sgyp-aldy/

pixel