Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 метрге ұшырған: Алматыда тойдан шыққан жұпты көлік қағып өлтірді (фото)

Опубликовано:

Алматы маңында Volkswagen Golf жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған ер адам мен әйелді қағып өлтірді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

10 метрге ұшырған: Алматыда тойдан шыққан жұпты көлік қағып өлтірді (фото)
Фото: zakon.kz: UGC

Қайғылы жағдай 14 сәуір күні түнгі сағат бір шамасында Алматы-Бішкек тас жолының 23 шақырымында орын алған.

10 метрге ұшырған: Алматыда тойдан шыққан жұпты көлік қағып өлтірді (фото)
Фото: zakon.kz: Instagram

Қол ұстасқан жұп "Бахар" мейрамханасынан шығып, жолдан өтпек болыпты.

Жарығы жоқ бөлікте ер адам мен әйелді жеңіл автокөлік қағып кеткен. Соққының күшті болғаны соншалық, оларды 10 метр қашықтыққа дейін ұшырып жіберіпті.
10 метрге ұшырған: Алматыда тойдан шыққан жұпты көлік қағып өлтірді (фото)
Фото: zakon.kz: UGC

Алған жарақаттарының салдарынан әйел сол жерде жан тапсырған. Ал оның сүйіктісі ауруханада көз жұмды.

10 метрге ұшырған: Алматыда тойдан шыққан жұпты көлік қағып өлтірді (фото)
Фото: zakon.kz: UGC

Порталдың жазуынша, қайтыс болғандар сол түні ойдан шыққан көрінеді. Олардың қолындағы сөмкеде тамақ және ойыншықтар болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1788747-10-metrge-syrgan-almatyda-mejramhanadan-sykkan-zpty-klik-kagyp-ltirdi-foto/

pixel