Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы сенбілік кезінде 14 жастағы оқушы тоқ соғып, мерт болды

Жарияланған күні:

поезд, знак "под напряжением"
Фото: Depositphotos

Ақмола облысы Атбасар ауданында тоқтап тұрған вагонның үстіне шыққан үш оқушының бірі көз жұмып, тағы бірі ауруханаға жеткізілген. Марқұм жеткіншекті тоқ соққан деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы жағдай сенбілік кезінде болған. Бұл туралы қаза болған баланың әпкесі агенттіке айтып берген.

"Менің бауырыммен Ирченко станциясы аумағында болған оқушылар қазақ орта мектебінде оқиды. Мен де сол мектепте оқығам, кезінде теміржол аумағына сенбілікке шығатынмын. Бірақ сол күні қайғылы оқиға орын алды. Ол вагондардың тұрғанына бір апта болған секілді. Балалар кім тез мінеді деп бәстесіп, оған жарыса шыққан сияқты", - дейді ару.

Ең бірінші боп вагонға қыздың 14 жастағы інісі мінген. Балалардың айтуынша, оны бірден тоқ соғып, сол мезетте көз жұмған.

"Балалардың айтуынша, оның қолы сым темірге тимеген. Қолын көтергенде ауадағы жоғары вольтты тоқ соғыпты. Екінші бала жарақаттанған, ал үшіншісі секіріп түсіп үлгерген", - дейді қыз.

Басылымының мәліметінше, сыныптасының өліміне куә болған басқа оқушылар болса, әлі естерін жия алар емес.

Қайтыс болған баланың әпкесінің сөзіне сүйенсек, ол арада тұрған вагондар астаналық "Астық Транс" ЖШС-ға тиесілі көрінеді деп жазады агенттік.

"Егер вагондар елді мекенді аумақта, онда да мектепке қарама-қарсы тұрса, олар тоқтан ажыратылуы керек болатын. Кім жауапты бұл қазаға? Кінәлілер жазасын алсын ", - дейді марқұм баланың туыстары.

Атбасар ауданыны әкімдігінің қызметкерлері бұл фактіге қатысты тергеу басталғанын жеткізді.

"Ирченко станциясы уақытша тұрақ, ол біздің қарамағымызда емес. Вагон үстінде жоғары вольтты тоқ неге болған, күзет, жол жөндейтіндер қайда қараған, балалар емін-еркін ол вагондардың үстіне неге шығып кеткен? Бұл сауалдарды "Қазақстан темір жолы" немесе ішкі істер басқармасына жолдағандарыңыз жөн болар. Қазір бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кеткен. Кінәлілер өз жазасын алады деп ойлаймын", - деді Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов.

Бірақ ол істің қандай бап бойынша қозғалғанын нақтылай алмады.

Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл фактіге қатысты 344-баптың 2-тармағы, яғни "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан теміржол қозғалысы қауіпсіздігінің тәртібі және оны жүргізу ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынған.

ҚР Қылмыстық кодекстің 201-бабындағы талаптарға сәйкес, тергеудің мән-жайын жариялауға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1789042-akmola-oblysyndagy-senbilik-kezinde-14-zastagy-okusy-tok-sogyp-mert-boldy/