Алматыда бойжеткенді кездесуге шақырған жігіт оны әжетханада зорлаған
Жарияланған күні:
"Медеу" мұз айдынындағы кездесу алматылық бойжеткен үшін қайғылы жағдаймен аяқталған. Өзін таңғы уақытта көрісуге шақырған азамат оны мейрамханадағы қоғамдық әжетханада зорлаған. Ең сорақысы, ер адамның бала-шағасы мен әйелі бар болып шықты. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғаушы Дина Смаилова өзінің Facebook парақшасында ашып айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Анықталғандай, жантүршігерлік оқиға осы жылдың наурыз айында орын алған. Бойжеткен өзіне зорлық әрекет танытқан жігітпен үйіне қайтып бара жатып танысқан. Азамат жол тосып тұрған қызды жеткізіп тастап, оны ертесіне кездесуге шақырған.
"Бойжеткен таңға жуық караокеде құрбыларымен ұрысып, шығып кеткен. Әмияны мен ұялы телефонын үстел үстінде ұмытып кеткенін ол көңіл көтеретін жерден алыстап кеткенде бір-ақ аңғарған. Үйіне қалай қайтарын білмеген аруды жолда келе жатқан азамат апарып тастауға келіскен.
Олар үйге жеткенше біраз әңгімелескен. Бойжеткенге ол тәрбиелі адам болып көрінген. Қыз оны бірден ұнатып қалған десе болады. Үйіне жеткенде жігіт оған таңертен "Медеуге" барып, бір-бірін жақын танып-білуге шақырған. Бойжеткен келіскен.
Сағат 10.00-де жігіт оны алып кеткен. Мұз айдынына келгенде онда әлі адам жоқ екен. Сосын азамат бойжеткенге сол жердегі мейрамханадан тамақ ішуді ұсынады. Медеуде болған адамдар ол кафені жақсы біледі. Ол жерде кәуәптарды таңғы уақыттан бастап жасайды. Ол жердегі кең әжетхана да көпке мәлім. Бір кемшілігі - әжетхана әйелдер мен ерлердікі деп бөлінбейді. Бәріне ортақ.
Мейрамханаға кірген соң, әжетханаға барған қыздың артынан оны кездесуге шақырған жігіт те еріп барған. Қыз бәрі тым тез болғанын айтты. Оның сөзінше, ол мұндай жағдай орын алады деп ойламаған да. Ол кабинкадан шыға бергенде азамат оны қайта ішіне кіргізіп алған. Ол аруды бірден тұншықтыра бастады. Қыз демала алмай жатқан сәтте оған тыныс алуға мұрша беріп, өзі оның шалбарын шешуге кіріскен. Соңы бойжеткенді зорлаумен аяқталған" , - деп жазды Дина Смаилова.
Пасық жоспарын іске асырған азамат түк болмағандай далаға шығып, шылым шеккен. Оның артынан зәбір көрген қыз жүгіріп шығып, өзінің зорланғанын жылап әрі айқайлап айтқан. Нәтижесінде полиция шақыртылып, іс қозғалған.
Бойжеткенді зорлағаны үшін күдікке ілінген азаматтың 1988 жылғы екені белгілі болды. Ол тұтқындалып, қазіргі таңда қамауға алынған. Оған қоса, оның әйелі мен бала-шағасы бар болып шыққан.
Сонымен қатар, ер адам бұған дейін сотталған болуы мүмкін. Оның бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылғаны туралы ақпарат қазіргі таңда анықталып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1791842-almatyda-bojzetkendi-kezdesuge-sakyrgan-zigit-ony-zethanada-zorlagan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.