Мәскеуде терезеден құлап, көз жұмған Томирис Байсафаның анасы өз жазбасымен елді жылатты
Жарияланған күні:
Мәскеуде оқып жүргенде төртінші қабаттан құлап, қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова Instagram желісінде қызы туралы жазба қалдырып, елді жылатты. Бойжеткеннің өмірден өткеніне бүгін бір жыл болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Міне бір жыл да өтті. Томпиде бәрі Жаратушымен байланысты. Өткен жылы оның 40 күндігі Айттың бірінші күнімен тұспа-тұс келген болатын. Осы жылы ол қасиетті Рамазан айы мен оразаның есігін ашқалы тұр.
Періштем менің! Өмірім менің! Менің ауам! Менің өмірімде болғаның үшін саған рахмет! Менің таңдағаның үшін рахмет! Сен кез-келген ананың мақтанышысың! Мен үшін ұшып келгеніңе және 21 жыл жаныңда болуыма рұқсат еткеніңе рахмет! Сенің әрбір сөзің, әлемдегі ең әдемі күлкің, иісің, шашың, дауысың, алғашқы қадамдарың және басқалары да есімде. Сені өте қатты сағындым.
Ол жақта тыныш ұша бер. Мен әрдайым сенің командаңмын. Ал команда ешқашан сатқындық жасамайды. Мен әрдайым сенімен біргемін. Мен әрдайым күтемін. Сенің дол таба алатыныңды білемін", - деп жазды Жанна Ахметова.
Жан ауыртар жазбаны оқыған желідегілер көзіне жас алып, қайғыдан қан жұтқан анаға басу айтқан.
"Иманды болсын", "Жатқан жері жайлы болсын", "Алла жар болсын", "Сіздің әр жазбаңызды оқып, көзіме жас аламын", "Сізге Алла сабыр берсін. Жазбаңызды жыламай оқу мүмкін емес", "Адамдардың бәрі мәңгі емес. Қызыңызбен қауышатын күн де келеді" деп жазды желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 13 сәуірі күні Томирис Байсафа университет терезесінен құлап, үшінші мамыр күні емханада көз жұмған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1792270-mskeude-terezeden-klap-kz-zmgan-tomiris-bajsafany-anasy-z-zazbasymen-eldi-zylatty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.