Петропавлда саяжайда болған өрттен ерлі-зайыптылар қаза тапты
Опубликовано:
Петропавлда қала сыртындағы саяжайда болған өрттен 41 жастағы ерлі-зайыптылар қаза тапты деп хабарлайды СҚО Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Игорь Балеевке сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Қайғылы жағдай "Ракета" бағбандық қоғамында орын алған.
18 маусым күні түнде басталған өрттің шығу себебі тұрмыстық газ құрылғысын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу болып отыр.
Ерлі-зайыптылардың екеуі де 41 жаста болған.
Беляевтің айтуынша, соңғы уақытта саяжай учаскелеріндегі өрт жиілеп кеткен. Осы жылы саяжайдағы өртте 8 ғимарат жанып, 3 адам қаза тапқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1800800-petropavlda-saazajda-bolgan-rtten-erli-zajyptylar-kaza-tapty/