Арыстағы тағы бір жарылыс видеоға түсіп қалды
Опубликовано:
Арыстағы тағы бір жарылыс бейнекамераға түсіп қалды. Роликті оқиға кезінде иен далада жүрген куәгер түсіріп алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Фото: Видеодан кадр Фото: Видеодан кадр](https://cdn.nur.kz/images/1120/d70d2dad81c4c4b0.jpeg)
Кадрдан айналаның барлығын түтін басқанын көруге болады. Ал аспанды көру тіпті мүмкін емес. Содан кейін камера жарылысты түсіріп алған.
Tengrinews.kz хабарлағандай, куәгерлердің сөзінше, екінші жойқын жарылыс 11:45-те болған.
Қаладағы жарылыс пен өрт әлі күнге дейін жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент әкімі оқиға орнына жедел жәрдем мен арнайы автобустардың жіберілгенін хабарлаған еді.
Сондай-ақ жұрттың қаладан велосипедпен және жаяу жүріп қашқанын хабарлаған едік.
Айта кетерлігі, әлеуметтік желіде тарап кеткен жарылыстардың видеосы қызу талқыға түсті. Арыс тұрғындары адамдарды бір-біріне көмектесіп, қатал болмауға шақырды.
Қорғаныс министрі оқиға орнына аттанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801265-arystagy-tagy-bir-zarylys-videoga-tsip-kaldy/