"Қара түтін жайлады": Арыста тағы өрт шықты (фото, видео)
Опубликовано:
Арыста өрт болып жатыр. Әскери бөлімнің қоймасындағы қызыл жалынды арнайы мамандар ауыздықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алғашында Арыс қаласында үш бірдей үй өртке оранды деген хабарлама тұрғындар арасына тез арада тарап кетті.
Алайда кейінірек белгілі болғаны - өрт депо аумағындағы қоймадан бүгін сағат 16.01 шамасында шығып, 16;45-те толықтай ауыздықталған.

Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, қызыл жалынды ауыздықтауға төтенше жағдай қызметінің 10 техникасы мен 49 төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылған.

Өрттің 2040 шаршы метр аумақты шарпығаны хабарланды.
Төтенше жағдайдың шығу себебі нақты белгісіз, алдын ала болжам бойынша, жөндеу жұмыстары барысында дәнекерлеу құрылғысын абайсыз қолдану өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Ведомство Арыс тұрғындарына өрттен келер қауіптің жоқ екенін айтып, алаңдамауды сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1804210-arysta-tagy-rt-sykty-foto-video/