Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде көршісін өрттен құтқарамын деп күйіп қалған 25 жастағы жігітке көмек қажет

Опубликовано:

Ақтөбеде зейнеткерді өрттен алып шыққан 25 жастағы жігітке көмек мұқтаж. Артем Головняның денесінің 50 пайызы күйіп қалған. Бір айдан астам уақыт ауруханада төсек тартып жатқан жігітке бейімделуге ұзақ уақыт керек деп хабарлайды Астана арнасы.

Артем Головня. Кадр Астана арнасы
Артем Головня. Кадр Астана арнасы: Depositphotos

Артем Головня ауруханаға 9 маусымда түскен. Содан бері жас жігіт төсек тартып жатыр. Әрбір қозғалыстан жаны ауырып жатқан Артем отқа түсетін күні көршісін құтқармақ болған.

"Қатты жарылыстың дауысын естідім. Қарасам гараж жанып жатыр. Ішінде қария бар деп естідім. Мен көп ойланбастан сол гаражға кіріп, үлкен кісіні аман алып шықтым. Бірақ ол екінші рет тағы гаражға жүгіріп кетті. Мен артынан барып, оны құтқармақ болғанда екеуміз де өртендік", - дейді Артем Головня.  

Ауруханаға жеткізілгенде Артемнің жағдайы ауыр болған. Денесінің елу пайызы түгел күйіп қалған жігіт екі апта жансақтау бөлімінде жатыпты.  

Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасының травматология бөлімінің дәрігері Нұрлан Әбішовтың сөзінше, емнен кейін Артемнің жағдайы жақсарған, көп жаралары жазылған.

"Шамалы жаралары қалды. Оған арнайы операция аутодермопластика операциясынан дайындап жатырмыз", - дейді Нұрлан Әбішов.

Дәрігерлер жас жігітке операциядан кейін ұзақ уақыт бойы бейімделуден өтуге тура келеді деп отыр. Өйткені басынан бастап арқасы түгел, қолы, аяғы жарақаттанған жігіттің буындары қозғалып, қалыпты жұмыс істеп кету үшінде уақыт қажет.

Ол үшін еріктілер қаражат жинауды бастаған. Себебі Артемнің жалғыз шырылдап жүрген анасы ғана бар екен. Сондықтан олар көмек қолын созғысы келетінін айтады.

"Күйік орталығына алмастырғанын қалаймыз. Ал ең бастысы өзгенің өмірін құтқармақ болған жігіттің ерлігі еленсе екен дейміз. Батырлығы үшін марапат та беруге болады", - дейді ерікті Алексей Васин.

Артемның ерлігі елене ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Бір өкінштісі, ол құтқарған қария екі күннен соң ауруханада жан тапсырған.   

Б. Рахметова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1805446-aktbede-krsisin-rtten-ktkarmak-bolganda-kjip-kalgan-25-zastagy-zigitke-kmek-kazet/

pixel