jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ақмола облысында браконьерлер "Охотзоопром" инспекторларын атып кетті

    : UGC

    Ақмола облысында браконьерлер "Охотзоопромның" екі инспекторын атып кетті. Қасқөйлер аталмыш әрекетке ақбөкендерді аулағанда барған деп хабарлайды орман және аң шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: tverlife.ru
    Көрнекі фото: tverlife.ru: UGC

    Оқиға 23 шілде күні сағат 11:00-де Жарқайың ауданында орын алған. Инспекторлар ақбөкендерді ату оқиғасын байқаған.

    Осылайша, олар ақ түсті "Нива" көлігінің соңына түскен. Көлік нөмері анықталмағанымен, оның қай өңірге тиесілі екені белгілі болған. Темір тұлпар Қостанай облысына (10 өңір) тиесілі болып шыққан.

    Оқиға орнында атыс орын алған.

    Атыстан екі инспектор жараланған. Олардың бірінің жағдайы тым ауыр екен",-деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

    Жараланған инспекторларды Державинск қаласының ауруханасына жеткізген, ал оқиға орнына санавиация жеткен.

    Жарқайың ауданы ІІБ қаскөйлерді құрықтау жоспарын құрған.

    Айта кетейік, бұл елімізде инпекторларға шабуыл жасалған алғашқы оқиға емес. Жыл басында браконьерлермен тартыс барысында инспектор Ерлан Нұрғалиев дүниеден өткен еді.

    Ақмола облысында браконьерлер "Охотзоопром" инспекторларын атып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.