Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі бірдей қыз баланы зорламақ болған педофилге химиялық кастрация жасалатын болды

Жарияланған күні:

Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соты екі бірдей кәмелетке толмаған қыз баланы зорламақ болған ер адамға мәжбүрлеп химиялық кастрация жасауға үкім кесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Naviny.by
Көрнекі фото: Naviny.by: UGC

Сотталушы қылмыстық кодекстің 24 бабы 3 тармағы және 121 бабы 4 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жыл бас бостандығынан айырылды.

Сот барысында анықталғандай сотталушы мас күйде осы жылы екінші мамырында сағат 12.30 шамасында Шымкент қаласы Гагарин көшесінде 9 жастағы қыз баланы өлтірем деп қорқытып көпқабатты үйдің артына күштеп апарған.

Зорламақ болып киімін шешуді талап еткен.

Оның қолынан сытылып шыққан қыз бала өтіп бара жатқандардан көмек сұраған.

Арам пиғылын іске асыра алмай қалған нәпсіқұмар сол төңіректен тағы бір кәмелетке толмаған қыз баланы алдап үй артына апарған.

"Үй артында сүйкімді күшіктер жатыр" дегенге сеніп қалған 12 жасар қыз баланың қолынан ұстап алып өлтірем деп қорқытып зорламақ болған.

Жанұшыра айқайлаған қыз баланың дауысын естіген жұрт оқиға орнына келіп озбырды ұстап алады.

Тұрғындар тапа тал түсте екі бірдей қыз баланы зорламақ болған ер адамды тәртіп сақшыларына тапсырған.

"Сотталушы Е.А. ны сот түпкілікті, педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгілеп, химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылады.
Бұлтартпау шарасы бұрынғысынша күзетпен ұстауда қалдырылған", - деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1807960-eki-birdej-kyz-balany-zorlamak-bolgan-pedofilge-himialyk-kastracia-zasalatyn-boldy/