Тағы да өрт: Алматы облысында 10 гектар аумақтағы шөптер жанып кетті
Опубликовано:
Алматы облысында құрғақ шөптер өртеніп жатыр. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнында жұмыс істеуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түскі уақытта Талғар облысындағы Бесағаш ауылының маңында өрт басталған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде хабарланғандай, ауыл маңындағы құрғақ шөптің жануы туралы хабарлама бүгін сағат 15.54-те келген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт 10 гектар аумақты шарпыған.
Тілсіз жауды ауыздықтау үшін Талғар қаласының өрт сөндірушілері, орман шаруашылығы қызметкерлері жұмыс істеуде, сондай-ақ оларға алматылық өрт сөндірушілер қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1810795-tagy-da-rt-almaty-oblysynda-10-gektar-aumaktagy-spter-zanyp-ketti/