Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы футболшысы көз жұмды

Опубликовано:

Қостанайда "Тобыл" футбол клубының және Қазақстанның жастар құрамасының фуьтболшысы Николай Жуков 26 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Жуковтардың отбасылық мұрағатынан
Фото: Жуковтардың отбасылық мұрағатынан: Facebook

Николай соңғы айларда жілік майы дертімен күрескен. 31 тамыз күні кешке спортшының жүрегі тоқтағаны белгілі болды.

"Николай Жуков бірнеше маусымда сары-жасыл сапында қосалқы құрамда болды. Қазақстан жастар құрамасына да тартылды.
"Тобыл" футбол клубы Николайдың туыстары, жақындары мен достарына шын жүректен көңіл айтады", - делінген сайтта.

KAZ.NUR.KZ редакциясы да Николай Жуковтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1813924-kazakstan-zastar-kramasyny-bryngy-futbolsysy-kz-zmdy/

pixel