64 қызметкер, 20 техника, екі тікұшақ: Алматыдағы өртті қалай сөндіріп жатыр? (фото)
Жарияланған күні:
Алматыда өрт сөндірушілер барахолка аумағындағы алапат жалынды сөндіруде. Металл-пластмассадан жасалған бұйымдар сақталған қойма өртеніп жатыр. Оқиға орнына 64 өрт сөндіруші қызметкер, 20 арнайы техника, сондай-ақ, екі тікұшақ тартылған. Төтенше жағдай орын алған жерде не болып жатқанын KAZ.NUR.KZ басылымының фотоматериалынан көріңіздер.
Өрт түскі уақытта базар маңындағы қоймалардың бірінен шықты.
Қоймада металл-пластмассадан жасалған бұйымдар сақталғаны хабарланды. ТЖД өрттің басқа да қоймаларға таралу қаупі барын айтты.
Алматы қаласының түкпір-түкпірінен шамамен шаһардың жартысына жайылған қою түтінді байқауға болады.
ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, өрт ең жоғары деңгейге ие болды.
Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 64 қызметкері, Алматы ТЖД 20 техникасы, "Қазавиақұтқарудың" екі тікұшағы, Алматы құтқару қызметі су шашатын құралдарымен жұмыс істеуде.
Сонымен бірге, "Алматы Тазалықтың" төрт су шашатын автотехникасы, Жасыл экономика басқармасының 15 су тасу көлігі тартылды.
Өрттің жақын орналасқан басқа да қоймаларға таралу қаупі бар.
Базар аумағын полиция қоршауға алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 2200 шаршы метр аумақты шарпыған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 6 тамыз күні Алматыдағы барахолка базарында өрт шықты. Жалын оңтүстік астана аспанын қара түтіннің астында қалдырды.
Сонымен қатар, "Өжет" базарының ашуға булыққан саудагерлері NUR.KZ тілшілеріне шабуылдады.
Қызыл жалын шарпыған қоймаға жақын маңдағы саудагерлер дереу арада тауарларын сыртқа шығарып жатқаны белгілі болды.
ІІМ ТЖК алапат өртті сөндіруге екі тікұшақ іске қосылатынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1815027-baraholkadagy-e-iri-rtti-kalaj-sndirip-zatyr-foto/