Алматыдағы атышулы "барахолка" тағы да өртке оранды (фото)
Опубликовано:
Өрт Алматыдағы "Мизам" базарындағы қоймадан шыққан деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қоймада металл-пластмассадан жасалған бұйымдар сақталғаны хабарлануда. ТЖД өрттің басқа да қоймаларға таралу қаупі барын айтуда.

Оқиға орнына 12 арнайы техника мен департаменттің жеке құрамындағы 43 адам жұмылдырылған.

Сондай-ақ, өртпен күресу үшін автопойыз бен суару көліктерде жіберілген.
Өрт сөндіру бригадалары № 2 жоғарылатылған санатта жұмыс жасап жатқандығы айтылды.
«Алматы Тазалық» ЖШС-нің 4 суару көліг шақыру орнына барады.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1814979-almatydagy-atysuly-baraholka-tagy-da-rtke-orandy-foto/