Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокурор өз баласын ұрып-соққан әкені 11 жылға түрмеге қамауды сұрады

Жарияланған күні:

Прокурор шығыс айналма жолында баласын ұрып-соққан әке Мұрат Асқар-Оғлыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы тарап сотта айыпталушының кінәсіз екенін айтып, дәлелдер келтірді. Жақын күндері атышулы іске қатысты үкім шығатын болады деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Depositphotos

Шығыс айналма жолындағы баланың ісіне қатысты сот процессі жарты жылға созылды. Ұлдың әкесі баланың басын таспен ұрып, жол жүру бөлігінде қалдырып кетті деп күдіктелуде. Ер адам өзін кінәсіз деп санайды.

Сот пікірталастарынан кейін прокурор Мұрат Асқар-Оғлыға қатаң жаза қолдануды ұсынды.

"Соттың Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99 – бабының 2-бөлігі, 3-бөлігі, 3-бөлігі, 3-бөлігі бойынша оған 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындап, жазасын барынша қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуін сұраймын", - деді өз сөзінде прокурор Еркін Баймағамбетов

Айыпталушы өз кінәсән мойындамайды. Баланың әкесі өзінің соңғы сөзінде соттан оны балаларынан айырмауын сұрады, сондай-ақ, сот пен алқаға кінәсіз екенін дәлелдемек болды.

"Мен мұны жасаған жоқпын. Мен балаларымсыз өмірімді елестете алмаймын. Мен ешқашан өзіме мұндайды жасауға жол бермеуші едім. Не физикалық, не моралды тұрғыда. Мұндай іске баруға басым жетпейтін еді", - деді Мұрат Асқар-Оғлы сот процессінің қатысушыларына.

Қорғаушы тарап зардап шеккен баланы тергеуге қатысқан психологтың сөзін дәлел келтіріп отыр. Заңгер психологтың баламен 12 рет тілдескенін атап өтті. Баланың сөзінше, оны көлік қағып кеткен, әкесі ұрамаған.

Айыптаушы тарап істі қарау кезінде прокурордың жол көдлік апаты нұсқасын жоққа шығарғанын атап өтті. Қорытындыда баланың денесі мен киімінде мұны растайтын зардаптардың болмағаны айтылды.

Қорғаушы тараптың сарапшысы бұл мәдлімдемемен мүлде келіспеді. Соған қарамастан сот бұл жауапты ескермеуді ұйғарды.

Сот отырысы залында процесске қатысқан барлық тараптың дәлелдері тыңдалды. Алқа кеңесу бөлмесіне кетті. Жуық арада аталған іске қатысты үкім шығатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Асқар-Оғлы туған баласын өлтіруге оқталған деген күдікпен сот алдына келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1815798-prokuror-z-balasyn-ryp-sokkan-keni-11-zylga-trmege-kamaudy-srady/