Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойда болған": Бір қызды 14 адам зорлады делінген істің мән-жайын полиция айтты

Жарияланған күні:

Қостанай облысының ПД басшысы Бекет Аймағамбетов 14 ер адамның бір қызды зорлады делінген істің жай-жапсарын айтты. Оның сөзінше, жәбірленуші оқиғаның тойда болғанын айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter
"Қыз 14 ер адамның өзін тойда зорлағанын айтуда. Ол мерекенің қонағы болған, бір кезде мерекелік кештен шығады. Зорлау әрекеті де дәл сол уақытта болғаны туралы айтты. Алайда бұл туралы сегіз айдан соң арызданды.
Біз тойдың қонақтарынан қыздың денесінде жарақаттар, жыртылған киім болды ма деп сұрадық. Олар "жоқ" деп жауап берді. Ол тойда көңіл көтерген, тамақтанған, билеген. Медициналық жәрдемге жүгінбеген", - дейді полиция.

Бойжеткен 14 күдіктінің 13-ін көрсеткен, алайда 14-ші адамды есіне түсіре алмаған. Зорлау әрекетінен кейін ол балалы болған соң, 13 ер адам әкелікті анықтау үшін ДНҚ сараптамысынан өткен. Тест теріс нәтижені көрсеткен.

Полиция департаментінің басшысы аталған іс былтырдан бері өзінің жеке бақылауында екенін айтты.

"Бүгін полиция не істей алады? ДНҚ тесті арқылы әкені таба алады. Бірнеше айдан кейін сараптама арқылы дене жарақаттарын да, ешқандай биологияны да анықтау мүмкін емес.

Қайта қозғалған істің аясында біз жаңа ДНҚ сарапатамасын тағайындауға міндеттіміз. Біз оны тағайындап қойдық.

Адамдар іс жасырылды немес тоқтатылды деп айтуда. Іс жабылған жоқ, 13 адамның алғашқы сараптамасы олардың зорлауға қатысуын растамағандықтан, жеке тұлға анықталмауына байланысты тоқтатылды", - деп хабарлады полиция.

14 күдіктінің екеуі алибилерін жеткізген. Біреуі бұл уақытта Арқалықта үйленіп жатса, енді бірі Нұр-Сұлтанда жұмыста болған.

Ал полиция қыз есіне түсіре алмаған 14-ші күдікті азаматты іздеп жатыр. Оны көрші ауылдардан, жәбірленуші бұрын тұрған Алматы қаласынан іздеуі де мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816367-tojda-bolgan-bir-kyzdy-14-adam-zorlady-delingen-isti-mn-zajyn-policia-ajtty/