Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйелдің денесінің 75 пайызын күйік шалған

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан ҒЗИ травматологиясының реаниматологы күйеуі өртеп жіберген 38 жастағы келіншек жайлы айтты. Оның денесінің 75 пайызын күйік шалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Татьяна Лебига. Фото NUR.KZ
Татьяна Лебига. Фото NUR.KZ: Original
"Жәбірленуші клиникаға жедел жәрдем арқылы 6 қазан күні түсті. Оның денесінің 75 пайызын термиялық күйік шалған.
Ең ауыр күйік шогы. Жоғарғы тыныс алу жолдарының термо-ингаляциялық зақымдануы және 2-3 дәрежелі коньюктиваның күйігі.
Науқастың жағдайы әлі күнге дейін аса ауыр деп бағаланып отыр. Ол күйік шогы жағдайында, шокқа қарсы терапия жүргізілуде.
Басы мен беті толық күйген. Тек аяғынан төмен қарай ғана аман. Қалғанының бәрі күйіп қалған",- деді Татьяна Лебига.

38 жастағы әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Өзі дем ала алмайды. Сондықтан, оның өкпесі жасанды желдетілуде, қысымды да өзі ұстай алмайды.

Науқас күшті опиоидты анестезияда жатыр.

"Бұл өте ауыр зақым- өмір сүруге деген мүмкіндік туралы жауап беру қиын. Әзірге тек күте аламыз. Жалпы ересектерде 45 пайыз терең күйік өмір сүруге мүмкіндік бермейді деп есептеледі.
Пациентпен жоғары санатты комбустиологтар жұмыс істеуде", - деді дәрігер.

Қазір әйелін өртеген 43 жастағы азамат ұсталды. Тергеу жұмысы ерлі-зайыптылардың ұрысып қалғанын, содан соң азамат жарын ашық алаңға апарып, жанармай құйып өртеген деп пайымдауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1820838-nr-sltanda-kjeui-rtep-zibergen-jeldi-denesini-75-pajyzyn-kjik-salgan/

pixel