Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да полицейлер балалар алаңына кіріп кеткен қабанды атып тастады

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Переметное ауылында тәртіп сақшылары балалардың ойын алаңына кіріп кеткен қабанды атып тастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Ведомство мәліметінше, 9 қазан күні сағат 18.56-де кезекші бөлімге көшеде жабайы аң жүргені туралы хабар келіп түскен.

"Көрсетілген мекенжайға екі полиция қызметкері аттанды. Олар жабайы аңды елді мекеннен қуып шығаруға әрекеттенген. Алайда одан нәтиже шықпаған соң, қабанды табельдік қарумен атып тастады", - деді тәртіп сақшылары.

Полиция елдімекеннің ішіне 2 қабанның кіріп кеткенін жасырмады.

Біреуі орманға қайта қашса, ал екіншісін тәртіп сақшылары атып тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1821432-bko-da-policejler-balalar-alayna-kirip-ketken-kabandy-atyp-tastady/

pixel