jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Ресейде 20 жастағы сарбаз өзінің сегіз бірдей әріптесін атып тастады

    : UGC

    Ресей Федерациясының Забайкаль өлкесіндегі Улетов ауданында қайғылы оқиға болды. Әскер сапындағы сарбаз күзеттегі ауысым кезінде өзімен бірге борышын өтеп жүрген сегіз жігітті атып, екеуін жарақаттаған. Күдіктіні ұстау үшін барлық құқық қорғау органдары жұмылдырылды деп хабарлайды Life Shot және Mash Telegram арналарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ааааа
    Күдікті жігіт. Фото: t.me/Lshot / Көрнекі фото pixabay.com: UGC

    Ресей қорғаныс министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, атыс жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі 7-де № 54160 әскери бөлімінде (бұдан әрі - ӘБ) қарауылды ауыстыру кезінде болған.

    Қылмыс жасағаннан кейін автоматпен қаруланған әскери қызметкер қалаға қашып кеткен. Оны ұстау үшін барлық құқық қорғау органдары тартылып, толық көлемде арнайы операция ұйымдастырылды.

    Барлық балалар эвакуацияланып, оқушылар үйіне жіберілген. Атысу дыбыстары күллі қалаға естіліпті.

    Абырой болғанда, ӘБ қызметкерлері қашқынды біраз уақыттан кейін өздері ұстап алды.

    Сарбаз 8 адамды атып өлтірген. Тағы екеуі ауруханаға түсті, олардың жағдайы ауыр деп бағалануда.

    Жараланғандардың бірі әскери тергеуге куәгер ретінде оқиғаны баяндап жатыр.

    "Мергеннің" жеке басы да расталды: ол 20 жастағы Рамиль Шамсутдинов екен. ӘБ дереккөзі жауап алу кезінде сарбаздың жасаған ісіне өкінбейтінін мәлімдеді.

    Оның әріптестерін еденде жатқан жерінде атып тастағаны туралы мәлімет бар.

    Ресей қорғаныс министрлігі бұл оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.

    Мәлімдемеге сәйкес, қайғылы оқиғаға Шамсутдиновтің жүйке ауруы себеп болған, ол жеке жағдайға байланысты және әскери қызметке ешқандай қатысы жоқ.

    Алайда, әскери бөлімшедегі дереккөздің айтуынша, бұл жайтқа Шамсутдинов пен әріптестері арасындағы келіспеушіліктер себеп болған.

    Ресейде 20 жастағы сарбаз өзінің сегіз бірдей әріптесін атып тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.