Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарықсыз ақырзаман болды: Нұр-Сұлтан халқы тоңып, сусыз, тамақсыз қалды

Жарияланған күні:

Елорда тұрғындары электр қуатынсыз өткізген бір күндері қалай болғанын желіде бөлісіп жатыр. Сол жағалаудың бірнеше бөлігінде Байтеректен бастап Әбу-Даби Плазаға дейін, Ақордадан бастап Москва бизнес орталығына дейін жарық жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Жаңадан салынған ғимараттардың тұрғындары өркениеттің қайнар көзі электр қуатымен байланысты дейді. Электрлі плиталар мен электрсорғысы істен шыққандықтан бір күн өмір сүрудің өзі ауыр болған.

"Біз Эмиратқа айналдық - электр қуатынсыз бізде өркениет бітеді - не шай қайната алмайсың, не тамақ жылыта алмайсың, не сабақ орындай алмайсың. Станционарлы телефондар жұмыс істемейді, тоңзытқыш еріп кетті.
Бұл не қылған апат? Бір-бірінің үстіне тірелген тіреуіштер, коммуникация көтермейді, біресе жарық жоқ, біресе су жоқ", - деді "Астана – хочу похвалить/пожаловать" тобына шағымданған астаналық.
"Қазір бәрі электр қуатына байланысты - бізде мұндай жағдай жиі болады. Жаңа тұрғын-үй кешені - соңғы 14-қабатта тұрамыз. Егер электр қуатынан ажыратылса, бәрі құрыды!
Электрлі плита, жылыту, ыстық су, телеарна (интернет өз алдына) - өркениеттен тек салқын су ғана қалады. Ойлап көріңіздерші, тағы 14-қабатқа дейін жаяу көтерілу керек", - деді пікір қалдырған астаналықтар.

Елорданың басқа тұрғыны электр қуатын өшірген сәтте лифтіде қамалып қала жаздапты.

"102 нөміріне жылдам хабарластық - олар патрульдік көлікті жіберді, полиция қызметкерлері лифтіні ашып, бізді босатып алды! Лифтіде 45 минут қамауда отырдық!
Егер полиция қызметкерлері болмағанда, лифтіде ұйықтауға тура келер еді! Ең қорқыныштысы - 15 минуттан кейін үйдегі жарықты өшіріп тастады! Су, жылу жоқ! Жарық болмаса жаңа үйлерде ақырзаман орнайды!", - деді Наиля Тілеубекова.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада кабельдердің бірінен өрт шығып, бірнеше тұрғын-үйлердің жарықсыз қалғаны хабарланды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1826657-zaryksyz-akyrzaman-boldy-nr-sltan-halky-toyp-susyz-tamaksyz-kaldy/