Ақтөбеде оқушы қыз зорланды: Оқиғаға қатысты деректер пайда болды
Жарияланған күні:
Ақтөбеде бейтаныс адам 9 жасар қызды алдап, пәтеріне кіріп, зорлап кеткен. Оқиғаға қатысты жеткіншектің көршісі мен мектеп директорының орынбасары пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
Болжам бойынша, ер адам кішкентай қызды мектепке жақын жерден көріп қалып, артынан ерген.
Ол пәтердің есігін қағып, ұялы телефонын қуаттап алуды сұраған, алайда есікті ашпаған соң, дәретханаға кіруге рұқсат сұрапты.
"Көзін құрту керек. Себебі олар жөнделмейді", - деді жәбір көрген қыздың көршісі.
Әйел адам балалардың, тіпті, өз үйінде неліктен қауіпсіз бола алмайтынын түсінбей отыр. Оның айтуынша, оқиға орын алған ауданда қылмыс жиі болып тұрады екен.
Ақтөбе облысының полиция басқармасы күдіктіні анықтау және ұстау үшін шаралар қолданып жатқандығын айтты. Қажетті тергеу шараларының толық кешені жүргізілуде.
"Әкесі келгенде қылмыскерді ұстауға "үлгермей қалдым" дейді. Үйде домофон тұр. Бірақ кім болса сол подъезге кіріпшығып жүреді. Біздің ауданды бақылап жатқан ешкім жоқ. Қылмыстың бәрі осы маңда. Бұл сұмдық оқиғадан кейін ғана полицейлер үйді-үйді аралауға шықты. Айдың-күннің аманында өз шаңырағында бала өзін қауіпсіз сезіне алмауы деген масқара ғой", - дейді көршісі Лидия Тажбенова.
Полиция қызметкерлерімен кәмілетке толмаған балаға қатысты ауыр қылмыс жасаған күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
"Ата-ана қолхаты бойынша жақын жердегі оқушылардың үлкен сыныптағы ағалары алып кетеді. "Жібере аламыз" деген ата-аналардың қолхаты болса, жіберуге рұқсат беріледі", - дейді мектеп директорының орынбасары Гүлшарат Қауысова.
Төртінші сынып оқушы қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасында жатыр. Оған ота жасалыпты.
Аурухана оның жағдайына ешқандай қауіп төнбегенін хабарлады. Дәрігерлер жараны емдеп, қан кетуді тоқтатты. Енді оған психологиялық көмек көрсетіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1831890-aktbede-trtinsi-synyp-okusysyn-zorlau-okigasyna-katysty-mn-zaj-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.