Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентік ер адам әйелі мен өзін пышақтады: Оқиғаның мән-жайы анықталды

Жарияланған күні:

Шымкентте жергілікті тұрғындардың бірі әйеліне пышақпен шабуыл жасады. Көршілерінің сөзінше, жұбайлардың үйінде ұрыс-керіс жиі болады, алайда мұндай жағдай бірінші рет болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Otyrar.KZ-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Басылым хабарламасында ер адамның әйеліне тек дене жарақаттарын салып қоймай, өзінің тамағын кесіп, өмірін қимақ болғаны да айтылған.

Отбасылық жұптың екі баласы бар. Біреуі бесінші сыныпта оқиды, екіншісі балабақшаға барады.

Зардап шегуші әйел мен ер адамның көршілері олардың пәтерінен алдымен әйелдің жалынған дауысы, артынша көмек сұрап айқайлағаны естілгенін айтқан. Аласұрған жолдасынан құтылмақ болған келішек терезеден қашып кетпек болған. Олардың пәтерлері бірінші қабатта орналасқан.

Отбасы көршілерінің бірі олардың қайғылы жағдайға дейін үш күн бұрын ұрсысқанын айтты. Сол кезде ер адам көршісінен ақша сұраған. Ол 200 теңге ақша беріп, оны кешкі уақытта қайтарып беріпті. 3 күн өткен соң олар қайтадан ұрсысқан, алайда ер адам бұл жолы пышаққа жүгінген.

Әйелдің сөзінше, айқай-шуды естіген тұрғындар бірден көмекке ұмтылған. Жұбайлардың пәтеріне келген көршілер еденде қанға боялып жатқан ер адамның денесін көреді.

Сондай-ақ отағасы - 48 жастағы ер адамның еш жерде жұмыс істемейтіні, ұрыс-керістің соңғы уақытта жиілеп кеткені анықталды.

Басылымның жазуынша, әйел адам қатты жараланған, ал оның күйеуі мойнын кесіп, өз-өзіне қол салмақ болған. Екеуі де ауруханаға жеткізілген.

ЖМКА дәрігерінің орынбасары Тойбек Садықовтың айтуынша, жәбірленушінің күйеуі мойнына зақым келтірген, нәтижесінде кеңірдегі зақымдалған. Қазіргі уақытта ер адам жансақтау бөлімінде.

Оның 38 жастағы әйелінің қолы, қабырғасы, мойны кесілген. Жәбірленушіге ауруханаға жеткізіліген бойда ота жасалған.

Полиция да болған оқиғаны растап отыр.

Ерлі-зайыптылардың туыстары ақшаның кесірінен дау шыққанын айтты. Әйел адам күйеуін үйден 70 мың теңге ұрлады деп айыптаған. Ал ол өз кезегінде туыстарына ақшаның жоғалуына қатысы жоқ екенін жеткізген.

Сонымен бірге зардап шеккендердің туыстары ер адам әйеліне және өзіне қастандық ұйымдастыруы мүмкін дегенге сенбейтіндерін айтты. Олар отбасында әрдайым татулық болғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, күні кеше Шымкентте отбасылық жанжалдың соңы қанды оқиғамен аяқталғаны хабарланды. Оқиға 23 желтоқсан күні түстен кейін орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1833415-symkentik-er-adam-jeli-men-zin-pysaktady-okigany-mn-zajy-anyktaldy/