Bek Air ұшағының құлауы: Әуе компаниясы мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Алматыдағы ұшақ апаты: Bek Air әуе компаниясының өкілдері 27 желтоқсанда оңтүстік астанада болған қайғылы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтқым келеді. Өкінішке орай, адамдардың өмірін, соның ішінде біздің әріптесіміздің өмірін алып кеткен қайғылы жағдай орын алды", - дейді компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов.
Ол брифинг басталмас бұрын қайтыс болғандарды еске алуды ұсынды.
Жұмасұлтанов бұл оқиғадан кейін компания есеңгіреп қалғадықтан, үнсіз болғанын айтты. Сондай-ақ, компания басшысы осы уақыт аралығында ақпарат жинағандарын атап өтті.
Жаздық қызмет директоры рейс туралы ақпарат берді. Оның сөзінше, ұшу-қону жолағының ұзындығы - 4,4 метр. Ені бес метрге тең. Директордың айтуынша, командир әуеде 20 мың сағаттан артық ұшқан, ал екінші ұшқыш - әуеде 11,5 сағат болған.
Жерден көтерілген алғашқы секундтарда биіктік алу болған, одан кейін қайта төмендеген. Компания өкілінің сөзінше, ұшақ жерден көтерілген соң екінші секундта оң жаққа қарай қисайған.
Бесінші секундта ұшақтың бағыты түзеліп, содан соң қайтадан қисайған. Әр секунд сайын оңға және солға қарай қисаю болған. Жерге жақын жерде жанасу болған кезде ұшақ қисаймаған.
Артынша солға және оңға қисайған, алайда осы уақытта қайтадан биіктік алу болған. Әуе компаниясы өкілінің айтуынша, крандар биіктік алу мөлшеріне байланысты көтеріледі. Осы сәтте жылдамдық көтеріліп, түсіп, қайтадан көтерілген.
Компания қызметкерінің сөзінше, Bek Air ұшағының алдында ұшу массасы 89 тонна болатын Air Astana ұшағы ұшып кеткен. Ұшу уақыты - таңғы 7.19. Оның жылдамдығы - 184 узел.
Компания өкілінің сөзінше, яғни борт қарқын алған. Сағат 7.20-да апатқа ұшыраған фоккер ұшқан. Оның жылдамдығы - 155 узел. Компания қызметкерінің айтуынша, қайғылы жағдайға артынша ұшу себеп болуы мүмкін.
"Ілеспе із - бұл ұшқан ұшақтың қанаттарынан қалып қойған із. Индуктивті кедергі. Бірінші қанаттан сағат тілі бойынша, екіншісінен сағат тіліне қарсы із қалады. Ілеспе із әрқашан болады", - деді компания өкілі.
Оның сөзінше, артынша ұшуға шектеулер бар. Жеңіл әуе кемесі ауыр ұшақтың ілеспе ізін есепке ала отырып ең аз дегенде 3 минутта ұшуы керек.
"Бұл құжат бойынша регламенттелген. Егер 8 тонналық ұшақтың алдында салмағы 136 тонна әуе кемесі бағыттас ағында ұшса, бұл құжаттардың жетілдірілмегені деп ойлаймын.
Біздің кеменің қозғалысына қатысты - ұшақ басқаруда болды және сызық түзу болған. Егер 5 градусқа қисаю болса, онда бізде 1 градусқа өзгеріс болады. Ал 15 градуста - 5 градусқа өзгереді.
Ұшақ ұшу бағыты бойынша қозғалған. Ұшақ шығып кеткеннен кейін, әрі қарай қар жамылғысы бар. Ұшақ шассисіз шана тәрізді, ол басқарылмайды. Бағыттан кішкене ауытқудың салдары қоршау мен ғимаратқа соғысуға әкелді.
Қауіпті объектінің жанында бұл құрылыс нысаны қалай болуы мүмкін деген сұрақ туындайды. Ғимарат қоршауға жақын орналасқан. Президент құрылыстың заңдылығын анықтау үшін тапсырма берді.
Бұрындары қатаң шектеу болатын. Егер осы кедергілер болмаған жағдайда, мүмкін адам шығынынан қашып құтылуға болар еді дегенді ойлап отырмыз. Сондай-ақ ұшақтың сенімді екені көрініп тұр. Жанармай төгіліп қалған жоқ", - деді ол.
Жұмасұлтановтың айтуынша, қайғылы жағдайға ілеспе із бен ауыр салмақты ұшақтан соң артынша ұшу себеп болуы мүмкін. Компания қызметкері Ануар Төлеубеков әуе компаниясының бірнеше күн бойы неге үнсіз қалғанына жауап берді.
"Біз есеңгіреп қалдық, барлық бос қызметкерлер кімнің қай ауруханада жатқанын, қандай жарақат алғанын және т.б. анықтауға тырысты. Өтемақыға қатысты, біздің әуе компаниямыз Amanat компаниясыда сақтандырылған.
Біз қазір сақтандырумен айналысып жатырмыз, біздің уақытымыз аз, егер өткзіп алсақ, онда ешкім ештеңе алмайды.
Сақтандыру компаниясымен айналысайық, сонымен қатар біздің тараптан төлемдер төленетіні жайлы жұмыс жүргізілуде. Есептеулер жүргізіліп, егжей-тегжейлері нақтылануда...
Қазіргі уақытта барлық, соның ішінде билетті қайтару туралы қоңыраулар өңделіп жатыр. Толық соманы қайтарады", - деді ол.
Ол сондай-ақ, компания өкілдері марқұмдардың туыстарына барып көңіл айтатынын, алайда барлық қызметкерлер есеңгіреп, жұмыс жасап жатқанын еске салды.
"Біздің борт 39 тоннадан көбірек салмақпен ұшқан. Шассиді ерте алып тастаған жоқ. Мұнда ерте не кеш деген жоқ, белгілі ережелер бар. Командир ұшақты жолақта ұстап, ұшуға тырысты", - деді жаздық қызмет директоры.
Ілеспе із бен оның потенциалды жоғалуы туралы әуе компаниясының ұшқыш-құрастырушысы айтып берді.
"Мен Эйрбас Нео қозғалтқыштары туралы айтқым келеді. Эйр астана мұндай ұшақтарды бірінші болып қолдана бастады, бұл қозғалтқыштың жаңа түрі. Онда қозғалтқыштың екіжақтылығы ұлғайтылған. Ауаны қабылдау жанармайды 15% үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұл қозалтқыштардың ілеспе ізі туралы статистика жоқ. Егер біз Астанада ұшсақ және басқа жерлердегі сияқты жел тұрса, онда ілеспе із жойылып кетеді.
Алматыда әуежай таудың маңында орналасқан, әуежайда жел болмайды. Бұл қайғылы оқиға осы қозғалтқыштардың статистикасының бастауы болды.
Ол максималды ұшу массасымен ұшып кетті және ілеспе із ұзақ уақыт биіктікте тұрды. Қатерлі кездейсоқтық осыған әкелді. Атырау, Ақтау, Ақтөбе әуежайларында жел бар, ол осы ізді жойып жібереді.
Стандарттар қарастырылады деп ойлаймын, - деді Bek Air әуе компаниясының ұшқыш-құрастырушысы Александр Колесников.
Ол сондай-ақ, авиацияда ескі не жаңа ұшақ деген ұғым жоқ екенін айтты.
Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.
Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834208-bek-air-sagyny-klauy-ue-kompaniasy-mlimdeme-zasady/