Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда отшашуды дұрыс пайдаланбаған балалар көзін жарақаттап алды

Жарияланған күні:

Алматыда жаңа жыл түні пиротехника өнімдерін дұрыс қолданбау салдарынан үш өрт тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: Twitter

Түнгі сағат 00:18-де Әуезов ауданында 9-қабаттағы пәтердің балконы жанды. Өрттің себебі – петарда әйнектелмеген балконға түсіп кеткен. 00:28-де Наурызбай ауданында жеке тұрғын үйдің мансарды отқа оранды. Қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт 01:40-та ауыздықталып, 02:36-да толық сөндірілді.

Мұнда да тілсіз жаудың тұтануына петарданың мансардқа түсіп кетуі себеп болған. Түнгі сағат 00:31-да Алмалы ауданында "Grand Asia" бизнес-орталығында 5-қабаттан бастап 12-қабатқа дейін керамогранит астына төселген жылытқыш құрал жанды. Өрт 150 шаршы метр аумаққа жайылды.

Куәгерлердің айтуынша, петарда қасбет пен қабырға арасындағы тесікке түсіп кеткен.

"Төрт адам зардап шекті: көзі жарақаттанған 10-11 жасар екі бала және көз жанары күйіп қалған 39 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Ал 1975 жылы туған ер адамның қолындағы петарда жарылып кеткен. Ол сол қолының жарақатымен ауруханаға қаралды. Барлық зардап шегушілер алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды", - деп мәлім етті департамент.

Осыған байланысты, Алматы төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын пиротехниканы қолданар кезде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Айта кету керек, Маңғыстау облысында жасанды шырша отқа оранды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1834455-almatyda-otsasudy-drys-pajdalanbagan-balalar-kzin-zarakattap-aldy/