Ресейлік ұшақ шұғыл түрде Анталияға қонды (фото)
Жарияланған күні:
Ресейлік Nordwind әуе компаниясының ұшағы Анталияда шұғыл түрде қонды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ақпарат агенттігінің дереккөзі әуе кемесінде жолаушылар болмағанын, экипаж мүшелері зардап шекпегенін мәлім етті.
AirportHaber порталының ақпарынша, оқиға A321 ұшағына қатысты. Мәскеуден ұшып шыққан әуе кемесінің командирі бортта түтін шыққанын хабарлап, шұғыл түрде қонуға рұқсат сұраған. Қону кезінде шасси фюзеляжды тесіп өткен.
Ресейдің Анталиядағы бас консулдығы жергілікті әуежайда болған оқиғаны растап, ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.
Аталған оқиғадан ешкім зардап шекпегенін РИА Новостиге әуе айлағының өкілі де хабарлаған. Сондай-ақ ол ұшақты техникалық мамандар тексеріп жатқанын жеткізді.
Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған еді.
Бүгін әуе апатының себебін анықтайтын арнайы комиссия жетекшісі Роман Скляр қайғылы жағдайға себепкер болуы мүмкін негізгі нұсқаны атады.
Сонымен қатар 8 қаңтар күні таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.
Қайғылы оқиға салдарынан әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты.
Кейіннен Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі әуе апатынан қаза болғандардың нақты санын атады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1835614-resejlik-sak-sgyl-trde-antaliaga-kondy-foto/