СҚО тұрғыны балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірді
Жарияланған күні:
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Liter.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым ақпаратына сәйкес, оқиға Явленка ауылында орын алған. Күйеуінің қолынан ажал құшқан әйел 29 жаста болған. Бүгінде ол жер қойнауына тапсырылды.
Көршілердің сөзінше, марқұм күдіктімен 10 жылға жуық уақыт некеде тұрыпты. Ол осы уақытқа дейін күйеуінің мазағы мен ұрып-соғуына төзіп келген екен.
Ал марқұмның артында екі баласы қалды. Үлкен ұлының жасы 9-да, ал кіші бала 4 жаста.
Газеттің хабарлауынша, күдікті бұрын да істі болған. Қазір оған қатысты өлімге әкеп соққан қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуда.
Әйелді ұрып-соққан уақытта үйде азаматтың енесі, екі ұлы мен марқұмның інісі болған. Өкінішке қарай, келіншектің анасы күдіктіні тоқтата алмапты.
Әйелдің денесін көрген жұрт оның маңдайы көк болғанын, ол тіпті, орамалдың астынан байқалғанын айтады.
Айта кетейік, Алматыда зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым деп шағымданған 25 жастағы бойжеткен қатысты қалалық полиция жаңа дерек айтты. Оңбай таяқ жеген арудың өзі жеңіл жүріспен ақша тапқанын тергеушілерге жайып салған. Десе де, тәртіп сақшылары анықталған жағдай жабыла ұрғандарды жазадан құтқармайтынын мәлімдеді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1836678-sko-trgyny-balalaryny-kzinse-jelin-ryp-ltirdi/