Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда оңбай таяқ жеген аруға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Алматыда зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым деп шағымданған 25 жастағы бойжеткен қатысты қалалық полиция жаңа дерек айтты. Оңбай таяқ жеген арудың өзі жеңіл жүріспен ақша тапқанын тергеушілерге жайып салған. Десе де, тәртіп сақшылары анықталған жағдай жабыла ұрғандарды жазадан құтқармайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК
Видеодан кадр/КТК: Instagram

Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадиннің айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша "алдын ала сөз байласып, адам ұрлау" бабы бойынша іс қозғалған.

"Осы дерекке қатысты 4 адам күдікке ілінді. Оның екеуі Аида мен Камила есімді қыздар уақытша тергеу изоляторына қамалды. Жәбірленуші өзін құлдықта ұстады деген үй жезөкшелердің ордасы болды деген ақпарат расталған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда", - дейді ол.

Полицияның дерегінше, жеңіл жүрісті қыздар арасындағы дау ақшадан туындапты.

"Жәбір көрдім" деп шағымданған бойжеткен күдіктілерге ақша қарыз болып, қайтармай жүрген көрінеді.

Кейін ашуға булыққан Аида мен Камила жәбірленушіні бір жігіт арқылы пәтеріне шақыртып, оны тепкінің астына алғаны, үйіне қамап қойғаны белгілі болды.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда 25 жастағы ару өзін белгісіз біреулердің ұрлап әкетіп, жезөкшелік жолға салмақ болғанын айтып шағымданған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836554-almatyda-obaj-taak-zegen-aruga-katysty-policia-ty-mlimet-ajtty/

pixel