Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тальгодағы" зорлау : Жәбірленуші екі жолсеріктің туыстарынан 15 млн теңге сұрады

Жарияланған күні:

"Тальго" пойызындағы зорлау ісі бойынша жәбірленуші сотталған жолсеріктердің туыстарынан моральдық шығын ретінде 15 млн теңге сұрады. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы сот залында белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Жәбірленуші адвокатының айтуынша, оның сотталған жолсеріктер туыстарына қарсы арыз беруінің басты себебі-олардың блогер Тәңірберген Бердоңғардың Youtube арнасына берген сұхбаты. Жәбірленуші тараптың нұсқасы бойынша, роликте жала жабу мен қорлау сөздер айтылған.

Жәбірленуші моральдық шығын ретінде 15 млн теңге сұрап отыр. Ол арызды жолсеріктердің екі туысының үстінен тастады.

Сондай-ақ, жәбірленуші олардан ролик сараптамасына жұмсағаны үшін жарты млн теңге, сот шығындары үшін 100 мың теңге талап етті.

Одан бөлек, келіншек соттан Бердоңғаровты Youtube арнасына және басқа да әлеуметтік желіге жүктеген видеосын өшіруге және оларды жоққа шығаруға міндеттеуді өтінді.

Жолсеріктердің туыстары сот отырысына бейнебайланыс арқылы шықты. Олар жәбірленушінің талабына теріс жауап қайырып, "жақындары түрмеде отыруының өзі ауыр" екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Бердоңғаров "Тальгодағы" зорлау оқиғасына қатысты тағы бір сот отырысына қатысты.

Блогер "Не молчи" қозғалысының лидерін жолсеріктермен жүргізген сұхбаттан кейін өзін қорлағаны үшін сотқа берді. Бердоңғаровтың сөзінше, Дина Таңсәрі оны "еркек емес" деп атаған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызында жантүршігерлік жағдай орын алған болатын.

Ақтөбелік тұрғын Нұр-Сұлтандағы іс-сапарынан үйіне қайтып бара жатқан жолда жолсеріктердің зорлық әрекетінің құрбаны болған еді.

Кейіннен бұл іске қатысты екі айыпталушыға сот үкімі шығып, олардың әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда соттың шешімі қоғамда үлкен резонанс тудырып, жұрт сотталушыларға кесілген үкіммен келіспейтіндіктерін жеткізген. Олардың арасында белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт те бар.

Кейін бұл іске бас көлік прокуратурасы назар аударып, сотқа қайта апелляциялық өтініш хат жолданды.

Қоғамда шу тудырған оқиға үшін ҚТЖ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов өз атынан және ҚТЖ атынан кешірім сұраған болатын. Кейін жолсеріктерге қатысты үкім өз күшін жойды.

Артынша аталған іске қатысты сот процесі өтіп, экс-жолсеріктерге жаңа үкім шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1837466-talgodagy-zorlau-zbirlenusi-eki-zolserikti-tuystarynan-15-mln-tege-srady/