Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда студент жігіт университеттің 6-қабатынан секіріп кетті (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Шоқан Уәлиханов атындағы университетте суицид жасамақ болған жігіттің видеосы тарап кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/ Әлеуметтік желі
Фото: Видеодан кадр/ Әлеуметтік желі: Getty Images

Видеода жігіттің ешкімге бой бермей жатқанын аңғаруға болады. Студент жан-жаққа тербеліп жатыр. Қатты айғайлар естілуде.

Бейнеролик тоқтап қалғанымен, жазба авторы жігіттің ақырында секіріп кеткенін мәлімдеді.

"Бұл сұмдық. Жігіт Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің терезесінен құлап кетті. Анық-қанығы тексеріліп жатыр", -дейді куәгер.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде оқиғаның бүгін болғанын хабарлады.

"Сағат 12:15- те белгісіз біреу 2001 жылы туған студенттің алтыншы қабаттан секіріп кеткені туралы хабарлама жіберді",- деді ведомствода.

Қазір студент жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Айта кетейік, Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру үшін адам жалдаған төрт баланың анасына қатысты сот процесі аяқталды. Әйел қылмысқа дайындалғаны үшін кінәлі деп танылып, 7,5 жылға сотталды.

Ол жоспарын жүзеге асыру мақсатында бұрын сотты болған Түркістан облысының тұрғынына тапсырыс берген. Сонымен қатар, осы қызметі үшін 20 мың доллар көлемінде сыйақы төлейтін болып келіскен. Алайда, түркістандық азамат бұрынғы жұбайының көзін жоюға бекінген азаматшаның қылмыстық пиғылын полицейлерге жеткізген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1837519-kksetauda-student-zigit-universitetti-6-sy-kabatynan-sekirip-ketti-video/

pixel